ҚР білім және ғылым Министрінің 2016 ж. 29.01. №122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекітуге конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: "Орал қаласының білім беру бөлімі", Орал қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 145 тел. 51-35-09, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ7070103KSN2718000 РММ "ҚР қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті" ММ Коды 464 БСН 950140000802.
Конкурсты ұйымдастырушының өкілі – Темирханова А.М. – Орал қаласының білім беру бөлімі ММ бөлім басшысы, Орал қаласының білім беру бөлімі. Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы,145 тел. 51-35-09
Жалпы ережелер мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі конкурс өткізеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына орналастыру
Орал қаласының білім беру бөлімі ММ, жұмыстануға 2058 жаңа орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын бір тәрбиеленушіге мөлшері 29150 тенгеден қаржыландырылады. Орал қаласының білім беру бөлімі мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін балалар құрамын топтастыруды өткізіп, білім бөлімінің кезек тізімін басшылыққа алады.
Өтінімді рәсімдеу конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік ұйымдар мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.";
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді рәсімдеу талабы
Конкурсқа қатысу үшін өтінім конкурсты ұйымдастырушыға конвертпен
тігілген түрде, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылған түрде әлеуметті жеткізушімен жеткізіледі. Конкурстық өтінімде ешқандай ендірме, түзетілім немесе толықтырулар болмауға тиіс, әлеуметті жеткізіп берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету керек. Әлеуметті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып, оның беткі жағында әлеуметті өнім берушінің толық атауы мен мекен-жайы, конкурс ұйымдастырушының толық атауы мен мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жасалып, тапсырылуы тиіс.
Орал қаласының білім беру бөліміне конвертке салынып, мөрленген түрде 15 кабинетке тапсыру қажет. Конверттерді ашу 01.10.2020 ж. сағат 10.00
Қосымша ақпаратты: 8(7112)933472 телефон және bilim-oral.gov.kz. сайт арқылы білуге болады.
Қазіргі уақытта Орал қаласы бойынша 63 - жеке балабақшада 4611 бала тәрбиеленуде.
2018 жылы 53 жеке балабақшаларда 3456 бала тәрбиеленіп, бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысына 674362,0 мың тенге бөлінді.
2019 жылы 56 жеке балабақшаларда 3872 бала тәрбиеленіп, бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысына 1094812,0 мың тенге бөлінді.
2020 жылы 63 жеке балабақшаларда 4611 бала тәрбиеленіп, бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысына 1575277,0 мың тенге бөлінді.
Жеке мектепке дейінгі ұйымдарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 және 597 бұйрықтарымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қағидалары мен Әдістемесі бекітілген әдістемесіне сай есептеу бойынша бір айға 1 тәрбиеленушіге ұйымдарда жұмсалатын шығыстардың орташа құны:
2018 жылы – 19354 тенге;
2019 жылы – 27502 тенге
2020 жылы – 28350 тенге, сәуір айынан бастап айлық көрсеткіштің өсуіне байланысты – 29150 тенге құрап отыр.