14 Мамыр 2021
Материал

Білім ұйымдарының қауіпсіздігі

Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Білім беру ұйымының қауіпсіздігі – әкімшілік пен педагогикалық ұжым қызметіндегі басты нәрсе. Оған еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидалары, террористік актілердің алдын алу және еңбекті қорғау талаптарының орындалуын бақылау кіреді.

Қала бойынша барлық білім мекемелері бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Жыл сайын бейнебақылау жүйесінің қызмет көрсетуіне қаражат бөлініп отырады.

«Нөлдік төзімділік» аумағында орналасқан №2, 32, 22, 13, 33 орта мектептерінде 2017 жылы турникеттер орнатылды. Қалған мектептерге турникеттер орнату үшін бюджтеттік комиссияға өтінім жолданып отыр.

Жыл сайын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт дабылқаққыштарының техникалық қызмет көрсетуіне қаражат бөлініп отырады.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.