🔰 Қымбатты оқушылар, сіздерді кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын.
Соңғы қоңырау оқушыларымыз, соның ішінде түлектеріміз үшін ерекше толқынысты күн.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
2021-2022 оқу жылында Орал қаласы мектептерінде 55 243 оқушы білім алды. Орта мектепті 2103 түлек аяқтайды. Олардың 80-і – «Алтын белгіге», 63 түлегіміз ерекше аттестатқа үміткер.
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер, алтын ұя мектептеріңізде 11 жыл оқып, сапалы білім мен саналы тәрбие алып, өмірдің үлкен көшіне аяқ басқалы тұрсыздар.
Еліміздің болашағы Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызды тілеймін.
✍️ Ақжарқын ТЕМІРХАНОВА,
Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы
25 Мамыр 2022
Материал
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ
Жобалар