2022 жылға Орал қаласының білім бөлімі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 50 мемлекеттік және 64 жекеменшік балабақшалармен келісімшарт жасады.
Мемлекеттік балабақша бойынша 9889 орынға 5 815 544 мың теңгеге, жеке балабақша бойынша 6331 орынға 3 117 575,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сай мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бір тәрбиеленушіге 1 айға 41197 теңгені құрайды.