16 Нау 2021
Жаңалықтар

"Үй жағдайындағы химиялық, биологиялық тәжірибелер" танымдық шарасы оздырылды

2020 жылдың 6 қараша күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында Оқушылар сарайы базасында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен Сарайдың үйірме жұмыстарымен таныстыру мақсатында "Үй жағдайындағы химиялық, биологиялық тәжірибелер" танымдық шарасы оздырылды.
Шара барысында «Химиядан қызықты тәжірибелер» үйірмесінің жетекшісі Л.С.Мукатаева балаларға «Киімге түскен дақты кетіру жолдары», «Қысқы дайындық – банка жабу» әдісі туралы шеберлік сыныптарын көрсетіп, балалармен бірлесе жасаса, «Кекс» дайындап үйренеміз» тақырыбында балалар нұсқаулық бойынша «Кекс» дайындап, қысқатолқынды пеште пісіріп, өздері дайындаған тәттіден дәм татып, ата-аналарына таратып, мәз болды. «Жас бағбан» үйірмесінің жетекшісі Г.К.Бергалиева қатысушыларға «Бөлме өсімдіктерін баптау» тақырыбында бөлме өсімдіктерін күту және оны баптау жолдарын түсіндіріп, Сарайішілік экскурсиямен жалғасты.
Шара соңында "Алған әсерлеріңіз қандай?" тақырыбында қатысушылар мен олардың жетекшілеріне кері байланыс жүргізілді. https://www.instagram.com/p/CHRBaViFca_/?utm_source=ig_web_copy_link

 

 

Жобалар
Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.