Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Арманымен әлем шарлап самғаушы.
Қанаттарың ешқашанда талмасын,
Көркемдіктің көрмесіндей таңдаушы.
2021 жылдың 4 наурызында Орал қаласының білім беру бөлімінің тәрбие секторының ұйымдастыруымен «Өзіңнен баста!» жобасы аясында «Қарақат» мектеп-студиясында мектеп оқушылары және олардың аналарына арналған «Арулар – асыл жандар» атты тәрбиелік-танымдық шарасы оздырылды. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтендіру және бойларында өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектеп-студиясына саяхат ұйымдастырылып, оқушыларға түрлі бағыттағы үйірмелердің жұмыстары таныстырылды. Жоспарлы шара барысында «Қарақат» мектеп-студиясы тәрбиеленушілері мектеп оқушылары мен аналарға арнап концерттік бағдарламаларын ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/10967-8-%D0%BD%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%8B%D0%B7-%C2%AB%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D3%99%D0%B9%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%80-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D1%96%C2%BB-%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%96.html#sigFreeId7ffc139065