ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ Бүгін қалалық білім беру бөлімінің басшысы А.Темирханова «Елбасы медалінің» қола жүлдегерлерін марапаттады. «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Осы жоба аясында спорт, өнер, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік қызмет бағытында үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы «Елбасы медалі» жобасының қола медалімен және төс белгісімен марапатталды. Жас өрендерімізге табысты болашақ тілейміз!
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/11433-%C2%AB%D0%B5%D0%BB%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B-%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D1%96%C2%BB.html#sigFreeIdd9a2a60fa0
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/11433-%C2%AB%D0%B5%D0%BB%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B-%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D1%96%C2%BB.html#sigFreeIdd9a2a60fa0