08 Сәу 2021
Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ «TRILINGUAL TEACHER – 2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

7 сәуір  күні қалалық білім беру бөлімінің «Time for CLIL in core  subjects» ассоциациясы шеңберінде Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия  базасында  «Trilingual teacher – 2021» облыстық байқауының қалалық кезеңі оздырылды.

Мақсаты – химия, биология, физика, информатика пәні бойынша үштілділік енгізу барысында шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерге қолдау көрсету.  Пән мұғалімдері ағылшын тілін меңгеріп, өз шеберлігін ортаға салып, жетістіктерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, химия пәні бойынша бірінші орынды №42 «Ақ ниет» гимназиясының мұғалімі И.Хамидолла, екінші орынды Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясынан А.Жаннатова, үшінші орынды №3 жалпы орта білім беретін мектептен Л.Юшина мен Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясынан Г. Қабылқайырова алды.

Биология пәні бойынша бірінші орынды №37 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі А.Сейлева, екінші орынды №33 жалпы орта білім беретін мектебінен Г.Нұрәділова мен Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясынан Д.Исмағұлова, үшінші орынды №25 жалпы орта білім беретін мектебінен Е.Погребняк пен №40 жалпы орта білім беретін мектебінен А.Гусманова иеленді. №4 жалпы орта білім беретін мектебінен А.Тажаяқова алғыс хатпен марапатталды.  

Физика пәні бойынша бірінші орын №5 жалпы орта білім беретін мектебінен Р.Сақыповаға, екінші орын  №37 жалпы орта білім беретін мектебінен Ж.Қабдрахымова берілді.

Информатика пәні бойынша  бірінші орынды №19 жалпы орта білім беретін мектебінен З.Гайсина, екінші орынды №28 жалпы орта білім беретін мектебінен З.Кравченко мен №7  жалпы орта білім беретін мектебінен Г.Өтепқалиева, үшінші орынды – Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясынан Б.Байхан мен М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінен А.Жиенбаева иеленді.  

Жобалар
Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.