08 Сәу 2021
Жаңалықтар

КУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫП

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығында қала мектептерінің физика пәнінің оқытушыларына №42 «Ақниет» гимназиясының физика пәнінің оқытушысы, педагог зерттеуші А.Кәрімғалиева өзінің «Ғаламды игеру. Өткені, бүгіні, болашағы» курсының бағдарламасы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Шеберлік сабаққа қатысушылар А. Кәрімғалиеваның бұл курстың сабақтарын үлкен ізденіспен, қазіргі заманауи технологияларды пайдаланып өткізетініне куә болды. Курста оқушылардың жұмыстары, компьютерді пайдаланып орындаған тапсырмалары көрсетілді.

Шеберлік сабақ бойынша оқытушылар алған әсерлерін ортаға салды. Осы орайда №40 жалпы орта білім беретін мектебінің оқытушысы Р.Мұрадымов пандемия жағдайына байланысты біраз уақыттан бері тәжірибе алмасу шеберлік сабақтары қашықтық форматта өтіп жүргенін атап өтіп, оффлайн өткен осындай шеберлік сыныптардың артықшылығына тоқталды.

Жобалар
Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.