14 Мамыр 2021
Жаңалықтар

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ – ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ  АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ – ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

         2021 жылдың 12 мамырында «Қорытынды аттестаттауға дайындық өз тәжірибемізден» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты – эссе жазудың тиімді жолдарын тәжірибеде көрсету арқылы білім алушылардың оқу және жазу сауаттылықтарын арттыру.

«Қорытынды аттестаттауға дайындық өз тәжірибемізден» тақырыбында өткен қалалақ семинарда Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жансила Өмірзаққызы Шамбилова, Гүлзира Меңдіғалиқызы Куанғалиева өз тәжірибелерімен бөлісті.

Гүлзира Меңдіғалиқызы 11-сынып оқушыларын эссе жазуға дағдыландыру бағытындағы жұмыстарымен таныстырып өтті. Атап айтсақ, эссе тақырыптарын алдын ала оқушыларға бөліп беріп,  жұмыстарды  дескрипторға сай оқушылармен бірге талдау және эссе жазуда жиі кездесетін  қателіктерді саралап, оны  түзету жұмыстарын да бірлесе топта жүргізу өз нәтижесін беретіндігін айта келіп, дәлелі  ретінде оқушы жұмыстарын көрсетті.

 «ПОПС» формуласы да  оқушының өз ойын нақты, сенімді жеткізу,  дәлелмен сөйлеу қабілетін дамытатындығын айта кетті.

 Жансила Өмірзаққызы 9-сынып оқушыларын  қорытынды аттестаттауға дайындауда қолданып отырған әдіс-тәсілдерімен, бағытымен таныстырды. Қорытынды аттестаттауға енгізілген өзгерістерге орай жазба жұмыс түрлерінің (эссе, мақала, әңгімелеу) ерекшеліктері мен ұқсас тұстары туралы түсінік жұмысын жүргізді. Жазба жұмысын орындау үшін жұмыстану қадамдарын қолданатынын, атап айтсақ, жазуға дейінгі дағдылар, жазу кезіндегі дағдылар, жазудан кейінгі дағдылар туралы айтылды. Оқушылармен бірге берілген мәтіндерді талдап, идеясын ашып, тезис жазуға, аргументтерді іріктеуге дағдыландыру үшін «Сегіз қырлы ой», «Тезистік жоспар», «ТАФТТ» әдістері тиімділігін атады. Мәтінде берілген жаңа ақпараттарды талдау барысында сегіз аспектіден проблемалық сұрақтар ойластырып,  сұрақтарға жауап, дәлел жаздыратынын, жаңа материалды талдатып, қорытынды-тұжырым жасататынын және осы қадамдар оң нәтижесін көрсетіп келетінін атап өтті.

 

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.