15 Мамыр 2021
Жаңалықтар

«ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙ БІЛЕЙІК» ЭКОСАҒАТЫ

«ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙ БІЛЕЙІК» ЭКОСАҒАТЫ

 

Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 мамырында «Өзіңнен баста» жобасы аясында халықаралық Отбасы күніне орай №46 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды табиғат-ананы қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, теория мен тәжірибені ұштастыра білуге үйрету және отбасы құндылығын арттыру мақсатында «Табиғатты аялай білейік!» экосағаты өткізілді.

Оқушылар ата-анасымен бірге мектеп жылыжайына саяхат жасап, шара барысында №46 ЖОББМ биология пәні мұғалімдері М.Б.Болатова, Р.Б.Қарекенова қатысушыларға «Тапқыр достар» атты викториналық сайыс ұйымдастырды. Экосағат соңында оқушылар мен ата-аналар «Жасыл желекке жарқын бастама!» ұранымен мектеп жылыжайында гүл көшеттерін отырғызды. Табиғатты көркейтуге өз үлесін қосып, викториналық сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хат табысталды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.