17 Мамыр 2021
Жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ  ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2021 жылдың 14 мамыры күні Оралда республикалық оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтті. 15 секция бойынша қазылар құрамы алдында 99 жоба авторы өз жұмыстарын қорғады.

Байқау оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ой еңбегінің беделін арттыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақстанда өтікізілдіп келеді. Дәстүрлі байқау тіл білімі, әдебиет, физика, информатика, Жер және космос туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, химия, биология, қоршаған орта және адам денсаулығы, өлкетану, тарих, экономика, этномәдениеттану секцияларын қамтыды.

Балалардың ізденімпаздық қабілеттері, ғылыми жұмыспен айналысуға қызығушылықтары артып келеді. Бұл байқауға қатысушылар санының жыл санап көбеюінен байқалады. Нақтырақ айтқанда, биыл қала мектептерінің оқушыларынан жалпы 201 жоба түсіп, қашықтан іріктеу жүргізілді. Осы іріктеуден өткен 99 жобаның авторы офлайн түрде жобаларын қорғауға мүмкіндік алды. Мәселен, №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушысы Шұғыла Жүніс Абайдың  рухани ұстазы – Айжарық Айтілеуұлын көпшілікке таныту мақсатында оны өлкетану, тарих кітаптарына енгізу, туған жері Бөкей Ордасы ауданындағы мұражайда арнайы бұрыш ашуды ұсынды. №43 орта мектеп оқушылары Мұхаммед Владимиров пен Бекзат Жұбанышқали өңіріміздегі  табиғи ескерткіш Хан тоғайының экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді. №9 мектептің оқушысы Ирина Сидоровнина өлкемізде арготуризмді дамыту және оның келешегінне байланысты зерттеу жұмысын қорғады. №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушылары Аружан Мұсағалиева мен Айгерім Байшеркешова жетекшілерімен бірге Дина Нұрпейсіованың күйлерін жастар арасында насихаттауды  көздеп отыр. Осы орайда зерттеу жасап жүрген өрендер күй анасының туындыларын заман талабына сай dekko жанрында таратуды қолға алмақ. №16 орта мектептің оқушылары Инесса Антонова мен Анастасия Абрамчива «Чипсылардың химиялық құрамы», Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейдің  оқушысы айсара Мұхитова «Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының лингвотанымдық сипаты» тақырыптары бойынша зерттеулерін таныстырды.

Оқушылардың зерттеу жұмыстарын саралаған қазылар алқасының шешімімен жүлделі орын алған 43 жұмыс облыстық кезеңге іріктеуге ұсынылды.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.