20 Мамыр 2021
Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

2021 жылдың 19 мамыры күні ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлерімен онлайн түрде кездесіп, білім додасының жеңімпаз-жүлдегерлеріне ізгі лебізін арнады. Сондай-ақ бір уақытта барлық өңірде олимпиада жүлдегерлері марапатталып, жетекшілері де құрметтелді. Орал қаласы бойынша олимпиада жүлдегерлері атанған дарынды оқушылар мен ұстаздарын қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

Пандемияға байланысты биыл республикалық олимпиада «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізілді. Білім бәйгесіне еліміздің барлық өңірлерінен 1557 оқушы қатысқан болатын. Олардың ішінде Батыс Қазақстан облысынан 71 оқушы бақ сынады. Олимпиада нәтижесінде батысқазақстандық бес оқушы алтын медальға ие болса, сегіз оқушы күміс медаль, 16  қатысушы қола медаль алды. Жеңімпаз-жүлдегерлердің  11-і  – Орал қаласы мектептерінен. Олар – №35, 38, 28, 44 лицей-гимназиялары мен №32, 36, 33 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары.

Марапаттау рәсімінде қала басшысы Абат Шыныбеков шәкірттерді жетістіктерімен құттықтап, оқытудың қандай кезеңінде болмасын білім сапасын жоғалтпау үшін тер төгіп жүрген мұғалімдердің еңбегін ерекше атап өтті.

Қала әкімі Абат Абайұлы мен қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Мүтиғоллақызы үздік нәтиже көрсеткен 2020-2021 оқу жылындағы республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріне дипломдары мен медальдарын және естелік сыйлықтарды табыстады.

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей оқушысы Джумагазиева Альбина – қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың І орын иегері.

28 мектеп-лицей оқушысы Марсельев Нурсултан – география пәні бойынша олимпиаданың І орын иегері.

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей оқушысы Есекеш Айнаш – қазақ сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың ІІ орын иегері.

35 мектеп-лицей оқушысы Голубев Егор – физика пәні бойынша олимпиаданың ІІ орын иегері.

33 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Бозова Заринаөзін-өзі тану пәні бойынша олимпиаданың ІІ орын иегері.

35 мектеп-лицей оқушысы Чекаева Тамила – орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың ІІІ орын иегері.

32 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Вастикова Дана – орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың ІІІ орын иегері.

Д.Қонаев атындағы№44 мектеп-гимназияның оқушысы Танканова Данара – қазақ сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың ІІІ орын иегері.

М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Кужахметова Мадина – қазақ сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың ІІІ орын иегері.

35 мектеп-лицей оқушысы Васюра Руслан – физика пәні бойынша олимпиаданың ІІІ орын иегері.

35 мектеп-лицей оқушысы Мацура Мария – биология пәні бойынша олимпиаданың ІІІ орын иегері.

 

Бұдан бөлек дарынды, талантты шәкірт тәрбиелеуде шығармашылық қабілет танытып, асыл еңбегін аямаған ұстаздарғы сый-сыяпат ұсынылды. етіңіздер.

Шуламбаева Гульнара Кихметовна - Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Хамитова Роза Сансызбаевна – №28 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі

Кусаинова Ляззат Сериковна Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Столярова Ольга Васильевна – №35 Мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі

Бекмулдина Нургул Ануаровна – №33 жалпы орта білім беретін мектептің өзін-өзі тану мұғалімі

Кереева Нургуль Жаскайратовна – №35 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жубанышева Алия Тулегеновна – №32 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мурзашева Айымгуль Сансызбаевна – Д.Қонаев атындағы№44 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кужахметова Айгуль Жолдыбаевна – М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Татаренко Елена Владимировна – №35 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі

Никифорова Татьяна Павловна – №35 мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі

Жиын барысында Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейдің оқушысы – олимпиаданың І орын иегері Альбина Жұмағазиева мен №33 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы олимпиаданың ІІ орын иегері Зарина Бозова білім бәйгесі туралы айтып, дарынды шәкірттер атынан жеңіске жету жолында көмек-қолдау көрсеткен ұстаздарға алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ білімді шәкірттерді тәрбиелеген ұстаздар атынан №35 мектеп-лицейдің мұғалімі Татьяна Никифорова мен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Ләззат Құсайынова сөз алды.

Айта кетейік, олимпиаданың республикалық кезеңінде үздік білім көрсетіп оқушылары жүлделі орындарға ие болған өңірдегі алты мектеп ) республика бойынша «100 үздік мектеп» қатарына енді. Олардың үшеуі – Орал қаласының мектептері. Атап айтқанда, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі, Орал қаласы №35 мектеп-лицейі Орал қаласы №28 мектеп-лицейі.

Орал қаласының білім беру бөлімі

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.