28 Мамыр 2021
Жаңалықтар

ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫ ОТАНДЫҚ ОҚУ ОРНЫН ТАҢДАДЫ

Орал қаласының №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, «Алтын белгі» аттестатына үміткер Мерей Бегемжановна Кунакбаева Назарбаев Унверситетінің грантын ұтып алды.

 

 

Мерей Кунакбаева өзінің бұл университетке қалай оқуға түскені жайлы қысқаша былай баяндайды: «Мен Назарбаев университетін нақты 11-сыныптың басында таңдап, сол университет жайлы толық ақпараттар іздестіріп, емтихандарына дайындала бастадым. Назарбаев университетіне оқуға түсу үшін екі емтиханнан өту керек, біріншісі ағылшыннан біліміңді тексеру мақсатында IЕLTS немесе Duolingo English Test тапсыру қажет. Мен Duolingo English Test сынағын өткен жылдың желтоқсан айында тапсырып, жоғары балл жинап, екінші тур NUFYPET-ке өттім. NUFYPET - бұл маңызды, шешуші емтихан, мұнда математика және сыни тұрғыдан тест тапсыру қажет. Бұл тестке екі ай шамасында дайындалып, қалаған деңгейдегі балл жинадым. Аталған тест ҰБТ-ден өзгеше болғанымен, оған дайындалу өзім үшін қызықты болды. Ең бастысы алдыңа қойған мақсат болу керек деп ойлаймын, әрі қарай барлығы оңай көрінеді».

Алдыңа мақсат қойсаң, алынбайтын асу болмайтынын оқушымыз тағы да дәлелдеді.

Назарбаев университетінің болашақ студенті атануыңмен құттықтаймыз!

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.