28 Мамыр 2021
Жаңалықтар

Балғын чемпиондар

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған «Былғары доп-Балдәурен» турнирінде Орал қаласы мектептерінің қос командасы чемпион атанды. Жарыс 25-29 мамыр аралығында өтті. 



Алматы қаласында 3-4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған республикалық жарысқа облысымыздан үш команда аттанған болатын. Олар – Орал қаласы №17 ЖОББ мектептің, №42 «Ақ ниет» гмназиясының және Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінің командалары.
Турнирде Орал қаласы №17 ЖОББ мектептің 3-сынып қыздар командасы - І орын алды. №42 «Ақ ниет» гимназиясының 3-сынып ұлдар командасы да қарсыластарынан озып, І орынды иеленді.

Чемпион атанған қыздардың жетекшісі – Алексей Куденко, чемпион ұлдардың жаттықтырушысы – Руслан Темірболат.

Сондай-ақ осы жарыста Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінің 4-сынып ұлдар командасы да екінші орын алған.

 

Орал қаласының білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.