09 Маус 2021
Жаңалықтар

«СӘУЛЕТ ҒИМАРАТТАРЫ СЫР ШЕРТЕДІ»

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай, көркем еңбек және графика жобалау пәндері әдіскері Н.Ракишованың ұйымдастыруымен «Шығармашылық жұмыстар – қашықтық платформасында» жобасы аясында 2021 жылдың 19-30 мамыр аралығында қала мектептерінің көркем еңбек пәні мұғалімдері «Сәулет ғимараттары сыр шертеді» макеттер қалашығын көпшілікке ұсынды.

Калиев Азамат Галимжанович – №5 ЖОББМ

Доскалиев Ақылбек Абилкасимович – №43 ЖОББМ

Амангелдин  Артур  Амангелдинович – №30 ЖОББМ

Есжанов Асылан Бауыржанұлы – №42 «Ақ ниет» гимназиясы

Калекеш Думан  Батырғалиұлы – №47 ЖОББМ

Жусупкалиев Елдос Сагидоллиевич –№38 МЛ

Ергалиев Жақсылық Утепкалиевич –№34 МГ

Ғайнеденов Мейірбек Рашиденович –№49 ЖОББМ

Хайролла Жанғазы Хайроллаұлы – №26 ЖОББМ

Темирханов Нурбол Асылбекұлы – №40 ЖОББМ

Кенжин Бакберген Касымгалиевич – №25 ЖОББМ қаламыздың тарихына, архитектурасына қызығушылық танытып, қаламыздағы көне тарихи ғимараттардың макеттерін дайындады. Оның ішінде Көпес Ванюшиндер үйі, Ескі мешіт – «Тәжиден Батырұлы» мешіті,  Еуропа-Азия шекара ескерткіші, Орыс-қырғыз қолөнер мектебі ғимараты, Жәңгір хан мешіті, Атамандар үйі, Бөкей ордасы тарихи-музей кешені, Ротонда, С.Ғұмаров мұражайларының макеті бар. Сондай-ақ болашақта қаламызда бой көтерсе деген арман-қиялдан туындаған тың бастамамен «Орал-ЭКСПО» бағытында  «Аспалы көпір», «Халықаралық әуежай», «Ақ орда», «Абай мұражайы», «Қазақ мешіті», «Х.Доспанова атындағы авиация институты», «Әскери горнизон» макеттерін дайындады.

«Сәулет ғимараттары сыр шертеді» макеттер қалашығы көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.