12 Маус 2021
Жаңалықтар

«АТАМЕКЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Орал қалалық білім беру бөлімінің  «Атамекен» жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады. Кеше, 11 маусым күні І ауысымға 70  бала қабылданды. Жаз бойы мұнда 500-ден астам балғын демалыстарын қызықты өткізеді  деп күтілуде. Лагерь жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

 «Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінде демалыс кезеңі мен балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін арнайы оқу-тәрбие және сауықтыру жұмыстарын жоспарлы түрде іске асыруға арналған іс-шаралар өткізіледі. Жоспар бойынша өткізілетін барлық іс-шаралардың мақсаты – оқушылардың жеке, шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту, оқушының бойында қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне баулу.

«Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінің ғимараттарының сыйымдылығы 220 орынға есептелген. Десе де санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, қала мектептерінен аз қамтылған, жетім, қамқорлыққа алынған, өзге санатты отбасы және оқу озаты мен дарынды 70 бала І ауысымға қабылданды. (Есептелінген орын 73 балаға жоспарланды)  Барлық санитарлық –эпидемиологиялық талаптар сақталуда.

Әр ауысым 10 күнге жоспарланған. Ауысымда балаларға лагерьдің тәрбиешілері арнайы қызықты бағдарлама дайындады. Оның ішінде түрлі танымдық шаралар,  қаламыздағы балаларға арналған демалыс орындарына, Жайық өзеніне, мұражайларға саяхаттар, белсенді демалыс – футбол және волейбол ойындары, командалық-спорттық  жарыстар, туристік ойындар, факультативтік курстар, жасанды тауға өрмелеу, Шаған өзеніне қайықпен серуен, спорттық бағдарлау жарысы, көңілді старт және үстел ойындары өткізіліп, би кеші  ұйымдастырылады.

«Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының әдіскері Ақмарал Көркембаеваның мәліметінше, биылғы  лагерь бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда:

  1. Еңбек қызметі – Қолөнершілер
  2. Танымдылық қызмет – Жас таланттар
  1. Экологиялық қызмет – Қолданбалы экология
  2. Спорттық – сауықтыру қызметі – Жас спортшылар
  3. Ұлттық отансүйгіштік қызмет – Жас өлкетанушылар
  4. Қауіпсіздікті сақтау – Жас қорғаушылар

Ғылыми- зетттеуші қызметі – Ғажайып әлем.

Лагерь барысында  оқушылар шатыр құруды, туристік құрал-жабдықтармен жұмыстана білуді, және бағдарлауды үйренеді.

Сонымен қатар мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. 

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.