18 Маус 2021
Жаңалықтар

ОРАЛ ҚАЛАСЫ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

2021 жылдың 17 маусымы күні «Нәтиже. Тәжірибе. Келешекке бағдар» тақырыбында Орал қаласы білім беру бөлімінің 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңесте оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа оқу жылында атқарылатын міндеттер анықталды. Осы кеңеске қатысқан Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков оқу жылында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, білім саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар-кеңесті Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова жүргізді. Бөлім басшысы Орал қаласындағы білім беру мекемелері Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес үш жылға арналған мектептің даму бағдарламасын жасағанын, әр мектеп өз қызметіне талдау жасап, басымдылығын нақтылағанын атап өтті.

Семинар-кеңесте қалалық білім беру бөлімдерінің секторлары өткен жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.

Білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Дауымова білім сапасы және қала мектептері оқушыларының қозғалысына тоқталды.

Білім бөлімнің бас маманы Жазира Рысқазиева мектептердегі тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстарға шолу жасады. Тәрбие жұмысы барысында құқықбұзушылықтың алдын алу өзекті екеніне ерекше басымдық берді.

2020-2021 оқу жылында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ерекше басымдылық берілді. Әдістемелік кабинет меңгерушісі Индира Амертаева осы орайда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Оқу жылында жалпы 33 жоба бастау алған. Жолға қойылған және облыс көлемінде тәжірибелері таратылып отырған мектептердің жобалары кеңес барысында таныстырылды.

Семинар-кеңесті қала басшысы Абат Шыныбеков қорытындылап, білім бөлімі қызметкерлерінің пандемия жағдайында оқушыларға білім беруді үздіксіз жүргізгендері үшін алғысын айтып, қолға алынған жобаларға оң бағасын берді. Саланы дамыту, оқушыларға қолдау көрсету, тәрбие мәселесіне қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Кеңес қорытындысында оқу жылының үздіктері марапатталды. Желілік қауымдастық менеджерлері қала әкімінің алғыс хатына, қалалық білім беру бөлімі басшысының Құрмет грамотасына, алғыс хатына ие болды. ҚР Тәуелсіздігінің 30  жылдығы қарсаңында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша сапалы білім мен тәрбие беру жүйесінде саналы ұрпақ қалыптастырудағы жоғары көрсеткіші үшін №35 мектеп-лицейі жүлделі бірінші орын берілді. №41 мектеп-лицейі – екінші, №28 мектеп-лицейі – үшінші дәрежелі дипломмен мадақталды.   

Орал қалалық білім беру бөлімінің  баспасөз қызметі

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.