24 Маус 2021
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні. Осыған орай Орал қаласы білім беру бөлімінде салтанатты жиын өтіп, бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметкерлер мемлекетің идеясы мен саясатын іске асырушы мәртебелі мамандар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілген болатын. Бөлім басшысы Ақжарқын Темірханова ұжымдағы мемлекетік қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтап, жауапкершілігі мол қызмет жүгін арқалап жүрген мамандарға денсаулық, отбасыларына амандық, төзімділік және елдің дамуы, қаланың өркендеуі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ мерекеге орай бірқатар бөлімнің мемлекеттік қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.

Қаламыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға қосып келе жақан үлесі үшін Бала құқығын қорғау секторының бас маманы Айнагүл Мұхтарқызына Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың алғыс хаты және Бала құқығын қорғау секторының бас маманы Айгүл Ғұбайдоллақызы білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың алғыс хаты табыс етілді.

Сондай-ақ бөлімнің бас маманы Ақжол Қадырғалиұлы мен қосымша білім беру және тәрбие секторының бас маманы Салтанат Ержанқызына мерекеге орай құттықтау хат ұсынылды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.