15 Шілде 2021
Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ

Оралдағы оқушылар сарайында жазғы демалыс орталығы жұмыс жасауда.

Орталық балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу және карантиндік жағдайдан кейінгі коммуникативтік орта қалыптастыру,  әлеуметтендіру мақсатында 1 маусымнан бастап жұмысы бастады.

4 кезеңдік жазғы демалыс орталығының әр күні қызыққа толы болды. Оқушылармен топтастыру  тренингтері, спорттық жарыстар, зияткерлік сайыстар, «Оқуға құштар» акциясы, театрлық қойылымдар,  экскурсиялар ұйымдастырылды.  Балалар Квест, Жайдарман, «Екі жұлдыз», Флешмоб,  Сәндік шоу,  футбол,  сайыстарына қатысып, өз шығармашылықтарын ортаға салды.   Сонымен қатар балаларға сурет, қолөнер,  мүсіндеу, театр,  дебат, акробатика, шахмат,  тоғызқұмалақ, бокс үйірмелеріне  қатысу арқылы болашақта өз бейіндерін таңдауға керемет  мүмкіндіктер берілді.

Жазғы демалыс орталығы  балалардың бақытты балалық мекеніне айналып, ұжым ата-аналардың зор алғысына бөленді.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.