21 Шілде 2021
Жаңалықтар

Орал қаласы бойынша 700 оқушы қоғамдық жұмыспен қамтылып отыр

Қоғамдық жұмыс қаламыздағы 47 мектепте ұйымдастырылуда. Еңбекпен қамтылған шәкіреттер мектеп аулаларын абаттандыруға, іс-қағаздары мен кітапханадағы кітаптарды реттеуге көмектеседі. Сонымен қатар  «Менің  аулам – менің  бағым» идеясы шеңберінде қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен №32, №37, №46, №48, №49, Серебряков мектебі және Эстетикалық бағыттағы гимназияда «Мектеп. Алма бақ. Оқушы»  жобасы бойынша мектеп аулаларында түптендірілген алма бақтарын күтіп-баптайды.  

Қоғамдық жұмыспен қамтылғандарға қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 500 теңгеден еңбекақы төленеді. Еңбек шартына сәйкес оқушылардың жұмыс уақыты жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 36 сағаттан аспайды.

Жоба арқылы жасөспірімдердің демалыс уақытын тиімді пайдаланып, еңбекқорлыққа баулу көзделген. Еңбек маусымы қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 22-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға қатыса алады.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.