21 Шілде 2021
Жаңалықтар

Орал қаласы мектептері оқушыларының жазғы демалысы қызықты өтуде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дайындаған «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» жазғы демалыс кезінде балаларды бос уақытын қамтылуын бірыңғай бағытта ұйымдастыру мақсатындағы тұжырымдамасына сәйкесті тақырыптық-күнтізбелік жоспар жасақталып, барлық қала мектептерінде 26 мыңнан астам оқушыны қамтыған тамақтануы ұйымдастырылмаған мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс жасады.

Қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкесті жобалық қуаты 200 орындық «Атамекен» лагерінде 50 пайыздық толымдылықпен жаздың 3 айында 7 ауысым ұйымдастырылып, әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және  50 пайыздық жеңілдікпен  дарынды 707 оқушы демалады деп жоспарлануда. Бүгінге дейін үш ауысым бойынша жалпы 206 балғын лагерьде демалды.

Сонымен қатар түрлі конкурс, байқаулардың жеңімпаздары болған 21 оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалыстарын өткізіп келді.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан 120 оқушы Бурабай курорттық аумағындағы «Лесная сказка» республикалық лагерінде үш ауысымда демалуда.

Бұдан бөлек 2 қосымша білім беру ұйымында (мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы) 15 интеллектуалдық үйірмелерде оқушылардың бос уақытын қамтумен қатар, білімдерін жетілдіру мақсатында жұмыстанатын болады. Барлығы 5 700 оқушы қамтылады.

Мектептен тыс жұмыс орталығы мен Оқушылар сарайында спорттық секциялар, дебаттық мектептер, «Жас ұлан», «Жас қыран» көшбасшылар мектебі жоспарлы жұмысын жалғастыруда. Бұл бағыттағы жұмыспен 2200 оқушы қамтылады.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.