09 Тамыз 2021
Жаңалықтар

«Атамекен» лагері

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ  ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ КЕҢЕСІ

Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың  құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия 6 тамыз күні «Атамекен» лагерінде болып, балалардың жазғы демалысының  ұйымдастырылуын, аумақтағы нысандардың жай-күйін назарға алды.

Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ерлан Ғалиев, төраға орынбасары, Орал қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Азамат Қалиев және қалалық мәслихат депутаты Серік Мұхамбеталиев, Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының м.а Ерлан Айтқалиев, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев, қала әкімдігінің бас инспекторы, комиссияның жауапты хатшысы Татьяна Рогозина алдымен лагерь демалушыларымен кездесті.

Меймандар оқушылармен сұхбат жасап, лагерьдегі қызықтар туралы пікірлесті. Сондай-ақ оқушылардың қызығушылығына орай ұсыныстары тыңдалды. Атап айтқанда, демалушылар лагерь аумағында орналасқан киіз үй жанынан алтыбақан орнатуды, атқа мінуге жағдай жасауды, аумақтағы футбол алаңын жаңартуды сұрады. Сондай-ақ оқу жылы барысында тоқсанарлық демалыс кезеңдерінде лагерь ұйымдастыру, өзге өңірлердегі лагерьлермен байланысты нығайтып, лагераралық сайыстар ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасалды.

Кездесу аясында қала басшысының  орынбасары Ерлан Ерсайынұлы демалушы шәкірттердің әр ұсыныс-тілегі қаперге алынатынын атап, осы орайда тиісті сала басшыларына да орындалуын бақылауда ұстауды жеткізді. Сондай-ақ ауысым барысында ұйымдастырылған шараларда белсенділік танытқан оқушыларды марапаттап, сыйлықтар ұсынды.

10 күнге демалуға келетін балғындар мұнда түрлі танымдық шараларға қатысып қана қоймай, туризм дағдыларына машықтанып, жүзуді де үйренеді. Осы орайда комиссия құрамы  бассейннің жай-күйін тексерді. Киіз үйде балалармен пікірлесті. Сонымен қатар асхана, балалардың  тамақ мәзіріне назар аударды.

«Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және  экология орталығы аумағына жасалған экскурсия  қорытындысында комиссия төрағасы балалардың жайлы демалысы мен сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында лагерь аумағында этноауыл ұйымдастыру, оның ішінде асық ойнайтын алаң дайындау, алтыбақан қою, мінуге жарамды күйде жылқының макеттік үлгісін орнату және  оқушыларды  ат спорты мектебіне апаруды тапсырды. Болашақта мұнда бау-бақша өсіру де қолға алынбақ.

Жалпы алғанда орталықты дамытудың арнаулы жоспары дайындалатын болады.  

Атап өтейік, «Атамекен» лагері  биыл 7 ауысымда 707 балғын демалады деп жоспарланған болатын.

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 


 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.