02 Қырқ 2021
Жаңалықтар

Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

Жаңа 2021-2022 оқу жылы басталды. Бүгін, 1 қыркүйек күні Орал қаласы мектептерінде 1 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өткізілді және басқа сыныптар үшін «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.

№21 ЖОББ мектебінде өткен салтанатты жиынға Орал қаласының әкімі Абат шыныбеков пен қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова қатысып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ізгі лебіздерін арнады. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндеуден өткен білім ұясының жаңа оқу жылына дайындығын, кабинеттерді аралап шықты.

Атaлған мектепте биыл 1 сыныпқа 180 оқушы қабылданған. Салтанатты шарада бүлдіршіндерге «Әліппе», «Букварь» оқулығы табыс етілді.

Жалпы Орал қаласы бойынша биыл 1 сыныпқа 6364 оқушы қадам басты. Жалпы 55 мыңнан астам оқушы білім алады.

Әр білім ұйымына «Ашық» қосымшасы енгізілді, оқушылар әр түрлі есіктен кіретін болады, санитайзер, қажетті дезифекциялық құралдар толық алынған және сабақтар «Бір сынып – бір кабинет» қағидасымен жүргізіледі.

Сондай-ақ сабақтардың ұзақтығы 45 минут, санитарлық талаптарды сақтау мақсатында әр сыныптың үзіліс уақыты өзгеше болады. Оқушылар толымдылығы көп мектептер үшін кейбір пәндерді қашықтан жүргізуге және үйірме, қосымша сабақтарды алтыншы күнге ауыстыруына рұқсат берілген. Оны әр мектептің әкімшілігі педагогикалық кеңес шешімімен қабылдайды.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.