13 Қырқ 2021
Жаңалықтар

Оқушылар сарайы бесінші оқу жылын бастады

Оқушылар сарайы  бесінші оқу жылын бастады

Орал қаласындағы Оқушылар сарайы жаңа оқу жылын салтанатты түрде ашты. Осы ретте 11 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30  жылдығы және «Қала күні – 2021» мерекесі  аясында «Бақытты балалар – Тәуелсіз елдің тірегі!» атты шара ұйымдастырылып, «Сәулет ғимараттары сыр шертеді» көрмесі ашылды. Ашық алаңда өткізілген шараға қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Даумова, облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынова, қамқоршылық кеңестің мүшелері, үйрімелердің тәрбиеленушілері мен ата-аналар қатысты.

Сарай директоры Шолпан Сисенова атап өткендей, Тәуелсіздігіміздің 25  жылдығана  орай ашылған оқушылар сарайы биыл бесінші  оқу жылын бастап отыр. Биыл мұнда 83 үйірме жұмыс жасайтын болады. Оның ішінде «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы, волонтерлық қозғалыс, «Мақашева театры» сынды жаңа үйірмелер, математика, физика, химия, география, биология пәндері бойынша зерттеу алаңдары жұмысын бастамақ.  Жалпы биылғы оқу жылында 4 мыңдай оқушы қамтылатын болады.

Шараға  қатысқан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Ляна Тұрсынова тәрбиеленушілерді  жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, «Nur Otan»  партиясы балалардың құқықтарының қорғалуымен қатар, сапалы білім алуын, қосымша біліммен қамтылуын назарда ұстайтынын жеткізді.

Қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Даумова оқушылар сарайында балалардың жан-жақты дамуларына – спорт, өнер, интеллектуалдық даму мен оқу сауаттылықтарын жетілдіру үшін барлық жағдай жасалып отырғанын атап, осы ұйымның жұмысын нәтижелі ұйымдастырып отырған сарай директоры Шолпан Серікқалиеваға бөлім басшысы Ақжарқын Темірханованың алғыс хатын табыс етті.

Шара сарай өнерпаздарының концерттік  бағдарламасымен әрленді. Сондай-ақ ата-аналар мен балалар оқушылар ғимараты алдына «Қала күні» мерекесі  аясында  арнайы қойылған «Сәулеттік ғимараттар сыр шертеді» атты Орал қаласы білім беру ұйымдарындағы технология пәні мұғалімдері дайындаған шаһардағы тарихи нысандар мен жаңа ғимараттардың макеттік үлгілері және болашаққа арналған макеттер көрмесімен танысты. Ұстаздар әр ғимараттың тарихы туралы түсінік берді. Көрме 19 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Сонымен қатар Орал қаласы білім беру бөлімінің әлеуметтік желілердегі  ресми парақшаларында (инстаграм – @oral_bilim және фейсбуктағы Орал Қаласының Білім Бөлімі) «Қала күні» мерекесі аясында шаһардағы тарихи, сәулет және монументтік ескерткіштерге видеосаяхат жүргізілуде.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.