04 Қар 2021
Жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

2021 жылдың 2 қараша күні ҚБББ-нің әдістемелік кабинеті жоспарына сай №12 «Алёнушка» бөбекжайында «Арман» желілік қауымдастығының «Білім беру жүйесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің қызметіне әдістемелік көмек» тақырыбында қалалық бөбекжай әдіскерлері мен мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне арналған семинар- практикум оздырылды.

Семинар мақсаты – педагогикалық үрдісте ойын технологиясын қолдану арқылы мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыруда педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін көтеру, 4К моделін қолдану.

Семинарда №12 «Алёнушка» бөбекжайының музыка жетекшісі А.Е.Серғалиеваның жетекшілігімен бөбекжай тәрбиеленушілері сазды сәлемдеме жолдап, бөбекжай тәрбиешілері жалғады. Е.С.Шайхуалиева «Ғажайып күз» тақырыбында ортаңғы топта 4К моделі бойынша ҰОҚ көрсетті. О.В.Балашова «Ертегіге негізделген драматизация» ҰОҚ 4К моделі бойынша жұмыстың жасау жолдарын көрсетті. Сонымен қатар А.О.Кажкенова мен Э.З.Исатаева «Мектепке дейінгі ұйымда коммуникативті дағдылар арқылы баланың тілін дамытуда өзгерістерді жүзеге асыру миссиясы» тақырыбында хабарлама оқыды. А.З.Абуева мен Ж.Қ.Дюсембаева «Күз ертегісі» тақырыбында отбасымен біріккен шығармашылық жұмыстың тиімді жолдарымен таныстырды.

№27 «Жігер» бөбекжайының әдіскері Т.И.Хлюстова, әдіскер-инноватор Т.Л.Гутарова мен тәрбиеші Г.Т.Ермұханова «Ойнай отырып, ойлайық» тақырыбында 4К моделін ойындарда қолдану шеберлігін сыныбын көрсетті.

№29 «Балауса» бөбекжайы тәрбиешісі А.К.Картамагамбетова «Жаңартылған бағдарлама бойынша ерекше білімді қажет ететін баламен тәрбиешінің жеке жұмысы» атты презентация көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар өз тәжірибелерін ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

@bilim_jane_gylym @kopd_mon_rk @uralskakimat @abat_shynybekov @yerlan__galiev @a.t.m.70 @bqobilim @oral_ovp

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.