04 Қар 2021
Жаңалықтар

«ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БАҒЫТ ПЕН БАҒДАР»

«ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БАҒЫТ ПЕН БАҒДАР»

2021 жылдың 3 қарашасында Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес мектепалды даярлық бірлестік жетекшілері және шағын орталық тәрбиешілері және әдіскерлерінің қатысуымен «Оқу жылындағы бағыт пен бағдар: Мектепалды даярлық және шағын орталықтарда өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және әдістемелік ұсынымдар; Тәрбие мен білім беру 4К моделін жүзеге асыру және құжаттар топтамасы» тақырыбында семинар өтті. Семинарды ҚБББ әдіскері А.Ж. Сарсенова ашты.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының ҚР мектепке дейінгі ұйымдарды және мектепалды даярлық сыныптарда 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хаты туралы №48 ЖОББМ әдіскері Ж.Н.Жұмагелдина және №30 ЖОББМ бірлестік жетекшісі Н.Ж.Мукатова сөз алды.

№19 ЖОББМ бірлестік жетекшісі А.Н.Халекенова «Мектепалды даярлық сыныбының перспективалық жоспары», №20 ЖОББМ С.М.Берекетова және №40 ЖОББМ әдіскері Г.Д Хамза «Мектепалды даярлық сыныбы және шағын орталық балаларының тіршілік әрекетін тәрбиелеуді бір аптаға ұйымдастыру циклограммасы», №43 ЖОББМ МАД тәрбиешісі Г.Қ. Жұмағалиева және №38 ЖОББМ МАД тәрбиешісі С.У.Шайхаденова «Мектеп жасынан дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемелік ұсынымдары» туралы баяндады.

№9 ЖОББМ әдіскері А.С.Казмуканова және №24 ЖОББМ әдіскері С.В. Мелентьева «Использование модели 4К для работы с детьми класса предшкольной подготовки и миницентрах», №37 ЖОББМ бірлестік жетекшісі Г.Қ. Изимова және мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі М.С.Жұбай «Мектепалды даярлық және шағын орталық балаларда 4К моделі бойынша негізгі құзыреттерді қалыптастыру» туралы, №4 ЖОББМ және ҚБММО әдіскері А.Д Джунусова мен №32 ЖОББМ мектепалды даярлық тәрбиешісі Б.Т. Валиева «Правила присвоения (подтверждения) квалификационной категории педагогам», «Педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі» туралы түсіндірді.

№47 ЖОББМ әдіскері С.С.Кайрова «Мектеп жанындағы шағын орталықтың білім мен тәрбие беру үрдісінде ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары мен жоспары» туралы баяндады.
Қатысушылар барлық көтерілген сұрақтар бойынша жауап алды. Тәжірибе алмасты.

@bilim_jane_gylym @kopd_mon_rk @uralskakimat @abat_shynybekov @yerlan__galiev @a.t.m.70 @kht2001 @bqobilim @oral_ovp

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.