04 Қар 2021
Жаңалықтар

«Тәлімгерліктің жас мамандардың кәсіби дамуына ықпалы»

«Тәлімгерліктің жас мамандардың кәсіби дамуына ықпалы»

2021-2022 оқу жылының 27-казан күні ҚБББ-нің әдістемелік кабинеті жоспарына сай «Арай » желілік қауымдастығының №21 «Росинка» бөбекжайында «Тәлімгерліктің жас мамандардың кәсіби дамуына ықпалы» тақырыбында қалалық семинар оздырылды (өтті).Қатысушылар белсенділік танытты №2,6,8,10,11,32,49 балабақшалары қатысты.

Семинар мақсаты: жас мамандардың білімдерін үнемі толықтыру арқылы, кәсіби шеберліктерін арттыру барысында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жобалау мен болжау дұрыс бағытталатынын ұғындыру. Семинардың өзектілігі бүгінгі күнде №21 «Росинка» бөбекжайының педагогикалық ұжымы жаңартылған бағдарлама бойынша 4К моделін басшылыққа алып жұмыстану барысында.
Семинар қатысушылар назарына тәлімгерлер мен жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.Бастапқы сөзді бөбекжай бойынша «Тәлімгерліктік» жұмысына жетекшілік ететін Рахишова З.Т. «Тәлімгер деген кім?» презентация арқылы, тәжірибелі маман мен жас маман арасындағы көп қырлы байланысты жүмыстың сырын ашты.

Кейін тәлімгер Дармешова Г.Б. жас маман Нағашыбаева Л.Т. екеуі ортаңғы топ бойынша жаратылыстанудан ҰОҚ берді. Бекетов А.А.дене шынықтырудың жас жаттықтырушысы ересек тобында ҰОҚ көрсетті. Жас логопед Турченко Д.А. инклюзивті оқыту бойынша балалармен «Артикуляциялық жаттықтыру» жұмыстарын мен көпшілік назарын аударды. Жас тәрбиеші Азерова А.А. семинар қатысушыларымен коучинг «Пицца» барысында SMART форматында мақсатты құру тәсілдерімен таныстырды.

Соңында психолог Зотова Е.Н. «Жетістіктер қызметі» рефлексиясын жүргізді. Осындай тамаша көріністермен семинар өз мәресіне жетті.

@bilim_jane_gylym @kopd_mon_rk @uralskakimat @abat_shynybekov @yerlan__galiev @a.t.m.70 @bqobilim @oral_ovp

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.