04 Қар 2021
Жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

Орал қаласының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 22 қазан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейлерін көтерудегі оқу-әдістемелік кешені мен оқыту әдістемесі» тақырыбында семинар оздырылды.

Мақсаты оқу-әдістемелік кешен негізінде әрбір мектептің ұсыныстарын ескере отырып, педагогтердің білім беру жүйесіндегі өзіндік тың идеяларын ортаға салып, тәжірибе алмасу болатын. Семинар спикерлері Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Л.Кусаинова жобалар негізінде бірлестік жұмысын жүйелеу және өткен оқу жылындағы оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатындағы жұмыс жоспарымен бөлісіп, көпшілікке ой салды.

ДБА С.Сейфуллин атындағы №11 ОМИ мұғалімі С.Ахметкалиева «PIZA халықаралық зерттеуі: мәтіннің түрлері және игеру жолдары» тақырыбында сөз қозғады. Жеке тұлғаға бағытталған ынтымақтастық оқудың, белсенді оқудың маңыздылығы, оқу сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдануға қадам жасау мақсатын көздей отырып, оқушыларды оқу сауаттылығы бойынша дайындау жолдарының қыр-сырымен бөлісті. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Г.Таскарина «Сабақ беру - шеберлік» атты педагогикалық шеберлік минутында сабақ беруде мұғалімге қажетті қасиеттер мен ізденістердің ерекшелігі туралы сыр шертіп, табысты оқыту туралы ойларын ортаға салды. Мұғалімге қажетті нормативтік құжаттар бойынша №41 мектеп-лицей мұғалімі С.Беккужиева «БЖБ мен ТЖБ ұсынбалары туралы» баяндамасын ұсынып, жаңартылған орта білім мазмүны бойынша білім алушылардың үлгеріміне бақылау жүргізудің тәртібімен, қағидаларымен таныстырып өтті. №3 ЖОББМ мұғалімі Р.Жұмағазиева «Педагог қызметкерлерін аттестаттау» ережелерін түсіндіріп өтті. А.Тайманов атындағы атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Х.Жумагалиева «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» №472 (130) бұйрықтағы толықтырулар мен өзгерістер туралы таныстырды.

№46 ЖОББМ мұғалімі М.Б.Таубаева, №17 ЖОББМ мұғалімі С.Ш.Набиева «9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау жолдары» туралы сөз қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіби және әдістемелік тұрғыдан көп мәліметтер берілген семинар жоғары деңгейде өтті.

@bilim_jane_gylym @kopd_mon_rk @uralskakimat @abat_shynybekov @yerlan__galiev @a.t.m.70 @bqobilim

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.