04 Қар 2021
Жаңалықтар

"Оқушылардың жаратылыстану- ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту"

"Оқушылардың жаратылыстану- ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту"

ҚБББ жұмысы жоспарына сәйкес "Бастау" қауымдастығы аясында №42 "Ақ ниет" гимназиясы базасында 01.11.21. күні химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған PIZA халықаралық зерттеуге арналған "Оқушылардың жаратылыстану- ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту" семинары оздырылды. Семинарға пән мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылуында білім бөлімінің әдіскері С.Қажғалиева бастап ашып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға баса назар аударып, ПИЗА тапсырмаларын көбірек орындату керектігі айтылды.
Әрі қарай биология пән мұғалімдері өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
№42 "Ақ ниет" гимназиясының биология пән мұғалімі Каберова З.Ф. "РIZA" халықаралық зерттеу аясында оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбында ПИЗА зерттеуінің негізгі бағытының құзыреттіліктері мен мазмұндық бөліктеріне тоқталып, 2022ж. ПИЗА тапсырмаларында болатын басым тұстарына тоқталды. Әсіресе креативті ойлау туралы ақпараттар берілді.
Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Закиева Г.У. Жаратылыстану ғылыми сауаттылық аспектілеріне және осы бағыттағы тапсырмаларының құрылымына тоқталып, әр түрлі тақырыпта пиза тапсырмаларын практика жүзінде орындатып тәжірибе алмасты.
№45 ЖОББМ биология пәні мұғалімі Еслямова Ш.К. "Биология пәні бойынша PIZA тапсырмаларын құрастыру және практика жүзінде қолдану" бағытында бірнеше практикалық жұмыстарды орындатып, әріптестерімен өз іс тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға келген мұғалімдер көптеген ақпараттар алып, жақсы әсерде болды.

@bilim_jane_gylym @kopd_mon_rk @uralskakimat @abat_shynybekov @yerlan__galiev @a.t.m.70 @bqobilim @oral_ovp

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.