05 Қар 2021
Жаңалықтар

Орал қаласы мектептерінде «Басты талап – сапалы білім мен саналы тәрбие» тақырыбында педагогикалық кеңес отырыстары өтті.

Күн тәртібінде білім алушылардың І тоқсандағы оқу қызметінің қорытындысы тыңдалды. Оқушылардың білім сапасының деңгейі, үлгерім көрсеткіштері талданып, әр пән бойынша білім сапасын арттыру, инновациялық әдістерді қолдану арқылы функционалдық сауаттылықтарын арттыру, ТЖБ, БЖБ дайындау кезінде әр сыныптың деңгейінің ескерілуі ұсынылды.

Мектептердегі ыстық тамақтың ұйымдастырылуы, оқушылардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі мен жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне қатысты хабарламалар жасалып, ұсынбалар берілді.

1, 5, 10-сынып оқушыларының жаңа білім беру жағдайларына бейімделуі жан-жақты талданды.

Сонымен қатар ағымдағы мәселелер қозғалды.

Педагогикалық кеңесте талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, педагогикалық ұжымның келісуімен қабылданды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.