05 Қар 2021
Жаңалықтар

Қалалық әдістемелік кабинетінің жоспарына сай «Сабақты талдау және өзіндік талдау» тақырыбында «Жас мамандар» мектебінің кезекті отырысы оздырылды.

Қалалық әдістемелік кабинетінің жоспарына сай «Сабақты талдау және өзіндік талдау» тақырыбында «Жас мамандар» мектебінің кезекті отырысы оздырылды.

Отырыс модераторлары: Д.С.Айгараева мен Б.Е.Усиева.
Отырыс барысы жас мамандарды қарсылау рәсімімен басталды.

Отырыста қаралған мәселелер: 1. Сабақты талдау және өзіндік талдау. 2.Озат тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу графигімен таныстыру, тәжірибе алмасу. 3. «Жас мамандар» конкурсының ережесімен таныстыру. Модераторлар Д.С.Айгараева мен Б.Е.Усиеваның жеке іс-тәжірибелерінен сабақты талдау және өзіндік талдау үлгілері ұсынылды. Жас мамандар бейнесабақ көру арқылы өз ой-пікірлерін айтып, талдау жүргізді. Сабақ барысында ең бастысы сабақтың оқу мақсатына, сабақтың құрылымы және формасына, сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне көңіл бөлу керектігі туралы айтылды. Нәтижесінде: жас мамандар сабақтың өтілу барысындағы сақталу керек құрылымдар мен бағалау критерийлерінің, дескриптордың, кері байланыстың, оқушылардың өзін-өзі бағалаудың, үй тапсырмаларының берілуінің және сабақтың психологиялық аспектісіне көңіл бөлу керектігін ұғынды.

Жас мұғалімдер озат тәжірибелі ұстаздардың ашық сабақтарына қатысу арқылы қажетті ақпараттармен, «Жас мамандар» конкурсының ережелерімен таныс болды.
Жас мамандармен жүргізілген отырыстың жұмыс барысын модераторлар Д.С.Айгараева мен Б.Е.Усиева қорытындылады. Отырыс соңында жас мамандармен кері байланыс орнатылды. Кері байланыс нәтижесінде жас мұғалімдер отырыстың өткізілуін жоғары денгейде бағалады.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.