05 Қар 2021
Жаңалықтар

5 қараша күні А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша математика пәні әдіскері Г.Б.Албидакованың ұйымдастыруымен “PISA есептерін математика сабақтарына енгізу” тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

5 қараша күні А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша математика пәні әдіскері Г.Б.Албидакованың ұйымдастыруымен “PISA есептерін математика сабақтарына енгізу” тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау болып табылады.

Кіріспе бөлімінде «PISA халықаралық зерттеуіндегі математикалық сауаттылық» тақырыбын №42 «Ақ ниет» гимназиясының математика пәні мұғалімі Тасқали Ә.Ж. және №20 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Чалкарова Г.А. баяндады. 2022 жылы өткізілетін PISA зерттеуі оқушылардың математикалық сауаттылығы мен креативті ойлау дағдыларын бағалауға бағытталғанғанын атап өтті. Сонымен қатар зерттеудегі үш математикалық құзыреттілік деңгейіне және төрт мазмұндық бөлігіне сәйкес келетін жаңартылған оқу бағдарламасының оқыту мақсаттарын ашып көрсетті.

Семинардың негізгі бөлігінде «Оқу мақсаттарына сай PISA есептерін талдау» жасалынды. Тасқали Ә.Ж. «Кеңістік пен пішін» мазмұндық бөлігіне сәйкес келетін есепті талдап, жауапқа бағалау жасады. №5 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Сайлаубаева А.С. PISA тапсырмасындағы оқушылардың жауаптарын сұрақтың құрылымына байланысты кодтар бойынша жіктелеуін көрсетті. Арнайы кодтар және екі таңбалы кодтау туралы мәліметтер мысалдармен көрсетіп берді. Д.Қонаев атындағы №44 МГ математика пәні мұғалімі Каюбалиева Г.Т. және №36 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Сисекенов Н.Д. PISA есептерін талдап өтті және семинар қатысушыларымен бірлесіп бірнеше есеп шығарды.
⤵️

⤴️Ал “Математикалық сауаттылық” бөлімінде М.Мәметова атындағы №27 МЛ математика пәні мұғалімі Г.К.Мергалиева “Логикалық есептерді” тез, әрі тиімді шығарудың жолдарын талдап көрсетті.
№42 “Ақ ниет” гимназиясының математика пәні мұғалімі А.М.Утешова ҰБТ-да және олимпиада есептерінде кездесетін “Дирихле” принципін және №41 МЛ математика пәні мұғалімі Г.Н.Капашева “Комбинаторика” есептерінің тиімді есептеу тәсілдерін семинарға қатысқан әріптестерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушы мұғалімдер ұйымдастырушыларға рақметін айтып, тілектерін білдірді.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.