07 Қар 2021
Жаңалықтар

Орал қаласы мектептерінің басшылары мен орынбасарлары «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының «Басқарудың жаңа моделі» курсы бойынша Алматы қаласындағы ең үздік 10 мектептің моделімен танысты.

Орал қаласы мектептерінің басшылары мен орынбасарлары «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының «Басқарудың жаңа моделі» курсы бойынша Алматы қаласындағы ең үздік 10 мектептің моделімен танысты.

Әр мектеп таңдалған моделіне байланысты оқу бағдарламасын әзірлеу, жүзеге асыру, HR саясатын құру, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Білім саласындағы үздік менеджерлер Гүлмира Курганбаева, Назым Арзимбетова, Асем Арын (Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), Дидар Марданов («Талапкер» білім беру қоры), Ольга Пак, Адиль Тудияров ( NGS Жаңа ұрпақ мектебі), Олег Пак (Ш.Уәлиханов атындағы мектеп), Жанар Кулиева (Tamos Education мектебі), Гульмира Канай (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) оқу үрдісіне жаңаша бетбұруға негіз салды.

Сапар туралы оралдық мектеп басшылары өз әсерлерімен бөлісті.

№12 орта мектептің директоры К.Хайранова: «Күзгі мектеп сессиясы аяқталды... Республиканың үздік мектептері мен жоғары оқу орындарының жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік болды. Біз үйге жаңа білім мен түрлі әсерлермен келеміз. Тренинг бағдарламасы мазмұнды және қызықты болды. Идеологиялық дем берушілер Гүлмира Аманжолқызына, Ақжарқын Мүтиғоллақызына «пайдалы демалыс», тамаша ұйымдастырылған маршрут үшін алғыс айтамыз».

Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының директорының орынбасары Б.Жубашева: «Орал қаласының директорлары мен директор орынбасарларына арналған «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының Күзгі мектебі жан-жақты дайындықпен ұйымдастырылған тағылымды, мазмұнды болды. HIGH TECH AKADEMY, HGS, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп, TAMOS education, AImaU, NIS жекеменшік мектептері ұмытылмас әсер қалдырды. Ұйымдастырушылар рухани азыққа да мән берді. Бірақ біз үшін ең бастысы – мектеп пен бизнес арасындағы табысты өзара әрекеттестікке қол жеткізген мұғалімдермен, білім беру ұйымдарының басшыларымен және құрылтайшыларымен қарым-қатынас және тәжірибе алмасу. Әрқайсымыз өзіміз үшін және мектебімізге өсу мен даму нүктесін белгіледік».

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.