07 Қар 2021
Жаңалықтар

ОРАЛДЫҚ ЖАС ДАРЫН ӘЛИНҰР ХАМЗИН ПАРИЖДЕГІ ӘН БАЙҚАУЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ОРАЛДЫҚ ЖАС ДАРЫН ӘЛИНҰР ХАМЗИН ПАРИЖДЕГІ ӘН БАЙҚАУЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

🔰Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы жастайынан түрлі ән долаларына түсіп, шыңдалып келе жатқан Әлинур Хамзин «Junior Eurovision» ән байқауының ұлттық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанды. Бағы жанып, жұлдызы жарқыраған ұлан 19 желтоқсанда Францияның астанасы Парижде өтетін ХІХ Junior Eurovision Song Contest балалар ән байқауында қазақ елінің намысын қорғайтын болады.

🎼 Париждегі байқауда Әлинұр «Ертегі әлемі» әнін осы Ұлттық іріктеуде жеңімпаз атанған екінші қатысушы Бекнұрмен бірге орындайтын болады.Әннің авторы – Нұрболат Қанай.

🎼Айта кетейік, бұған дейін, яғни 2019 жылы оралдық Ержан Максим осы байқауда «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орын алған болатын (қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын). Қазақстан осы байқауға төртінші рет қатысып отырғанын атап өтсек, оның ішінде қазақ елінің атынан екінші мәрте оралдық жас дарын Парижге жолдама алды. Биыл ән байқауына 19 ел қатысады деп күтілуде.

🎼 Әнші баламыз Әлинұрға сәттілік тілеп, Парижден жеңіспен оралуына тілектестігімізді білдіреміз.

ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАРҚЫРАЙ БЕРСІН, ӘЛИНҰР!

#ХАМЗИН_ӘЛИНҰР
#eurovision #junioreurovision
#ертегі_әлемі

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.