10 Қар 2021
Жаңалықтар

Орал қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің 2021жылғы жұмыс жоспарына сай 1.11-10.11.2021ж аралығында мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік дене шынықтыру нұсқаушысы-2021» байқауы өткізілді.

Орал қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің 2021жылғы жұмыс жоспарына сай 1.11-10.11.2021ж аралығында мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік дене шынықтыру нұсқаушысы-2021» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби мәртебесін арттыру, кәсіптік өсуіне ықпал ету. Педагогикалық біліктілігін арттырып, рухани-адамгершілік қасиеті жоғары, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген педагогтерді анықтау болды. Сонымен қатар заман талабына сай шығармашыл, креативті, дербес, белсенді дене шынықтыру пәні нұсқаушыларын айқындау.

Байқау ережесіне сәйкес байқауға қатысушы педагогтің кәсіби тәжірибесі бойынша презентация, байқауға қатысушылар өздерін және өздерінің кәсібімен инновациялық идеяларымен, нәтижелерімен таныстыру ұсынылды. Ұсыным еркін нысанда таңдалып алынды. Фото, презентация, бейне-презентация, аудио пайдалану, көркем сөз және т.б. Педагогтердің шығармашылығы және бастамалары қадағаланды.

Сонымен бірге байқауға қатысушылар видеоконтент ұсынды. Оқу қызметінің тақырыбы қатысушының таңдауымен алынды.

Байқаудың талаптарына сай аталған дене шынықтыру нұсқаушылары Кенесариева Гульназ «Үздік дене шынықтыру нұсқаушысы», Сарсенова Шалқыма –I орын, Сарбаева Баршагуль-II орын, Тукабаева Лунара-II орын, Сармалаева Әсемгүл-III орын, Серикова Ақжүніс, Мулдаш Әдемі, Сундеткалиев Талғат, Өмірбай Амантай, Сарсенгалиева Д.К алғыс хаттармен марапатталды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.