17 Қар 2021
Жаңалықтар

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ

16 қараша күні шаһар басшысы Абат Шыныбеков пен орынбасары Мирболат Нұржанов қала мектептері директорларымен кездесті. «Құндылықтарға негізделген білім» тақырыбында өтен шарада білім беру ұйымдарындағы жаңашылдықтар, оқушылар білімінің сапасы қозғалды. Жиынды қалаық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова жүргізді.

Өткен оқу жылында онлайн форматта оқыған шәкірттер биыл 2021-2022 жаңа оқу жылын толықтай оффлайн форматта бастады. Қашықтан оқу кезеңі оқушылардың білімінде олқылықтардың орын алғанын көрсетті. Жыл басынан олқылықтарды жою мақсатында жобалар қолға алынды, «Жазғы мектеп» жұмыс жасап, жазғы лагерьлерде қосымша сабақтар жүргізілді. Оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері туралы қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Дауымова мәлем етті.

Жаңа оқу жылының І тоқсанын 55135 оқушы аяқтаған болса, білім сапасы – 55,47 пайыз, үлгерім көрсеткіші – 99,9 пайыз.
Қаладағы 51 мектептің 10-ы инновациялық білім ұйымдары саналады. Жалпы білім беретін мектептер бойынша білім сапасы – 55,06 пайыз болса, мектеп-гимназиялар мен мектеп-лицейлердің білім сапасы – 60 пайыз. Бұл 2019-2020 жылмен (оффлайнда оқу) салыстырғанда 8 пайызға жоғары болса, 2020-2021 оқу жылындағы (онлайн оқу) кезеңмен салыстырғанда 7 пайызға төмен. Жалпы оффлайн форматтағы оқу кезеңдерін салыстырсақ, әр жылы білім сапасының 7-8 пайызға артуын байқауға болады.

Биыл Орал қаласы білім беру бөлімі «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясымен бірге «Басқарудың жаңа моделі» курсын бастады. Алты айлық курс аясында мектептердің басшылары өз ұжымымен бірге мектептердегі өзгерістер бойынша жобаларын дайындайтын болады. Оған «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының сарапшылары консалтингтік көмек көрсетпек.

Курс аясында жуырда бір топ білім саласы қызметкерлері оңтүстік астана мен бас қаладағы үздік мектептердің басқару моделімен танысып келді. Осы ретте курсқа қатысушы 35 мектеп бүгінгі күні миссияларын жаңартып, трансформацияға бет бұруда. Шара барысында «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының басшысы Гүлмира Қорғанбаева курстың мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижесі туралы хабардар етсе, үздік мектептердің моделімен танысып қайтқан директорлар өздерінің басқаруындағы білім ұйымдарына жаңашылдықтарды енгізу бағытындағы жұмыстары туралы айтты.

Кездесуді қала басшысы Абат Шыныбеков қорытындылап, білім сапасын көтеруде жұмыстардың деңгейін арттыруды тапсырды. Білім саласындағы нормативтік құжаттар аясында салаға мемлекет тарапынан жасалып отырған міндеттемелердің ұйымдастырылуына тоқталды. Білім беру жүйесін жан-жақты дамытуға қатысты тапсырмалар жүктеді.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.