20 Қар 2021
Жаңалықтар

«Оқу процестерінде қолданылатын ойын түрлерінің маңыздылығы» тақырыбында семинар оздырылды

 2021-2022 оқу жылының 19 қараша күні ҚБББ-ның әдістемелік кабинетінің жоспарына сай «Бірлік» желілік қауымдастығының №13 «Золотой ключик» бөбекжайында «Оқу процестерінде қолданылатын ойын түрлерінің маңыздылығы» тақырыбында семинар оздырылды.

Семинар мақсаты: жаңаша білім беруде 4К моделіне басты назар аудара отырып,ойындарда креативтілікті,коммуникативтілікті және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
№13 «Золотой ключик» бөбекжайының педагогикалық ұжымы жаңартылған бағдарлама бойынша 4К моделін басшылыққа алып жұмыстануда.

Семинар барысында бөбекжай меңгерушісі М.А Буентаева «Балабақшадағы ойын терапиясы», ҚБББ-нің әдіскері Ж.С Адиева, «Бірлік» желілік қауымдастығының модераторы В.С Төремуратова "Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделін қалыптастыруда ойындардың тиімділігі",бөбекжай әдіскері Э.И Жексенова «Ойын технологиясын қолдануда ойлау қабілеттілігі арттыру» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

№38 «Жазира» бөбекжайының тәрбиешілері Д.А.Дильмукашева мен А.Бақтыгерейқызы «Ұлттық ойындарды-жаңартылған бағдарлама арқылы іске асыру» тақырыбында жұмыстарын , №13 «Золотой ключик» бөбекжайы тәрбиешілері Д.Т Айтумуханбетова «Сказка по клеткам» Ж.А Бисенгалиева «Сиқырлы қолшатыр», Д.К Курмангалиева «Кім шапшаң» музыка жетекшісі В.Ж Адилова «Музыкалық -қимылдық ойындар» тақырыбында 4К моделі негізінде балалармен өткізілетін ойындар көрсетті.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.