23 Қар 2021
Жаңалықтар

ҚАЛАЛЫҚ ЖАС МҰҒАЛІМДЕР МЕКТЕБІ СЕМИНАРЫ

2021 жылдың 22 қарашасы күні Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес "Жас ұстаздар мектебі" жұмысының аясында Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия базасында биология, физика, химия пәндерінің мұғалімдері арасында "Орта білім берудің стратегиялық бағдарын жүзеге асырудағы биология, география, химия пәні мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесі" атты семинар оздырылды.

Семинардың мақсаты:
Орта білім берудің стратегиялық бағдарын жүзеге асырудағы биология, география, химия пәні мұғалімдерінің тәжірибесімен бөлісу, білім беруді жаңартылған білім мазмұнының аясында жүзеге асырып,жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Жоспарға сәйкес Хайруллина А.Б. география пәнінен, Бақыт А.Қ. мен Кубаева А.Р. биология пәнінен ашық сабақтар өткізді.

Сонымен қатар жаратылыстану пәндері бойынша сыныптан тыс шара "Биология, химия мен география білгірлері" зияткерлік ойыны өткізілді.
Семинарға ҚББ бөлімінің әдіскерлері Кажгалиева С.Ж. мен қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. QR-код арқылы кері байланыс өткізілді.

Оздырылған семинар жақсы деңгейде өтті, жас мамандар өз тәжіриелеріне құнды ақпараттар алды деген ойдамыз.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.