24 Қар 2021
Жаңалықтар

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР

2021 жылдың 23 қараша күні қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, математика пәні әдіскері Г.Б.Албидакова мен жас мамандар жетекшісі Г.Т.Каюбалиеваның ұйымдастыруымен математика пәні бойынша ЖММ аясында жас ұстаздарға арналған «Білім сапасын арттырудағы интербелсенді әдістер» тақырыбында вебинар өткізілді.

Аталған вебинардың мақсаты - әдіс-тәсілдерді оқу мақсаттарына сай қолданудың негізгі шарттарымен таныстыру, қолдану жолдарын көрсету. Вебинардың бірінші мәселесі бойынша №42 "Ақ ниет" гимназиясының математика пәні мұғалімі Канатбаева Дамира Абзаловна, жас математика пәні мұғалімдеріне “Сабақтарда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану” тақырыбында өз тәжірибесіндегі жұмыс туралы таңыстырып, кең ақпарат берді.

Екінші мәселе бойынша №5 ЖОББМ-ң математика пәні мұғалімі Сайлаубаева Ақбота Серікқызы "PISA есептерін сабақта қолдану" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, тапсырмаларды құру, тиімді қолдану жолдарын көрсетті.

Вебинар ұйымдастырушысы Альбидакова Г.Б жас мамандарға әр сабақтарында әдіс-тәсілдерді тиімді және шығармашылықпен қолдануды, сонымен қатар PISA есептерін сабақтарында тиімді қолдану туралы кеңестер берді.

Ұстаздар оқу-әдістемелік вебинардың үйренері мол тәжиірибе алмасу мақсатында болған ұтымды шара екенін айтып, ой-пікірлерін білдірді.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.