25 Қар 2021
Жаңалықтар

БАЛА БАҒБАНДАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ

Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2021жылдың 23 қараша күні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының тәрбиешілері арасында «Бала бағбаны» қалалық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы тәрбиешілерінің шығармашылығын шыңдау, кәсіби құзырлығын, әлеуметтік мәртебесін арттыру және педагогикалық шеберлігін ынталандыру.

Байқау төрт бөлім бойынша өтті: «Менің ұстанымым — тәрбиеші» таныстырылым кезеңі, «Бастамадан нәтижеге дейін» жобалық жұмыстар легі, «Ашық микрофон» жағдаяттар шеруі, «Тәрбиешінің демалыс күні» кезеңі бойынша үй тапсырмалары сараланды.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайының тәрбиешісі А.Б.Темирешова алды.

1 орынды №27 «Жігер» бөбекжайының тәрбиешісі Л.Н.Ахметжанова, 2 орынды №34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі Б.М.Таржманова мен №21 «Росинка» бөбекжайының тәрбиешісі А.А.Азерова иеленсе, №5 «Сәуле» бөбекжайының тәрбиешісі Г.Ж.Байғазиева, №17 «Родничок» бөбекжайының тәрбиешісі А.А.Ахаева және №49 «Ақ ниет» бөбекжайының тәрбиешісі Р.А.Жангирова жүлделі 3 орынды алды.

Қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды. Жүлделеріңіз құтты болсын, әріптестер!

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.