21 Желт 2021
Жаңалықтар

Орал қалалық білім беру бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021жылдың 13 желтоқсан күні қашықтықтан "Тәуелсіздік —тәтті сый" ақындар мүшәйрасы оздырылды

Орал қалалық білім беру бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021жылдың 13 желтоқсан күні қашықтықтан "Тәуелсіздік —тәтті сый" ақындар мүшәйрасы оздырылды.

Мүшәйраның мақсаты: Ұлттың ұлы мұраты—Тәуелсіздік пен мемлекеттің, сондай—ақ рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын ұқтыру. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсетіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдіреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Мүшәйра барысында "Тұғыры биік—Тәуелсіздік","Ұрпаққа ұлы аманат" тақырыптар бағыттары ұсынылды. Мүшәйраға мектеп, мектепке дейінгі ұйымдардағы 21-29 жас аралығындағы мұғалімдер (оқыту тіліне қарамастан) қатысты. Мүшәйра ережесіне сай қатысушылардың сөз қолданысына, өлеңнің мазмұны мен тереңдігіне, өлең ұйқысына, көркемдік ерекшелігіне, тақырыпты ашу сипатына, шығармаларын оқу шеберлігіне, тіл тазалығына, сахна мәдениеті т. б" бағалау критерийлеріне сүйенді.

Егемендігіміздің 30 жылдығына арналған өлеңдердің мазмұны бір—біріне ұқсамайтын өзіндік үні, айтар ойы, өзіндік бояуымен, көркемдік жағымен ерекшеленді. "Тәуелсіздік — тәтті сый" мүшәйрасының қорытындысы бойынша Бас жүлде— №42 "Ақ ниет " МГ мұғалімі А.Қуанышевке бұйырды; 1 жүлделі орын— №13 ЖОББМ—нің мұғалімі А.Базарбаев еншіледі; 2 жүлделі орын— №46 ЖОББМ—нің мұғалімі А.Каримуллин және №21"Росинка" бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі Ж.Қахарманова иеленді, ал 3 жүлделі орын— №47 ЖОББМ —нің мұғалімі У.Баймуханова және №7 "Айналайын" бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі Қ. Жолдас, №29 "Балауса" бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі А.Ермекөалиева лайықты деп танылды. ҚБББ—нің Алғыс хаттарымен №4 ОЖББМ—нің мұғалімі А.Мусакулова және №25 ОЖББМ—нің мұғалімі Ж. Татаханова марапатталды. Тәуелсіздік күні —ең қастерлі күн! Олай болса халқымыз армандаған Мәңгілік ел болу мұратына бірге жетейік!

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.