21 Желт 2021
Жаңалықтар

Инклюзивті білім беру ісін дамытуға үлес қосқан үлесі үшін Орал қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапатталды

Инклюзивті білім беру ісін дамытуға үлес қосқан үлесі үшін Орал қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапатталды.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл мәселеге «Nur Otan» партиясы да көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға, соның ішінде балаларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетіп, қорғау басымдығын назарда ұстайды. Осы орайда партияның «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі және жастардың кәсіби бағдары» әлеуметтік жобасы шеңберінде білім беру саласының арнаулы мамандары «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің ерекше білімді қажет ететін балаларымен жұмыстануда.

Жоба аясында табысты қызмет атқарып келе жатырған Орал қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері Нұрбану Ракишова БҚО әкімінің алғыс хатымен, Ботагөз Абдрахманова мен Айсауле Искужина «Бәйтерек» қоғамдық ұйымының алғыс хатымен марапатталды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.