21 Желт 2021
Жаңалықтар

ОРАЛДЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Орал қаласы білім беру бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Айнұр Мұхтарқызы Бұланаева "Inspiring Teachers" байқауында жүлделі І орынды иеленді.

Байқауды шығармашылықпен жұмыстанатын, тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдаумен айналысатын мұғалімдерді қолдау, педагогтердің озық тәжірибелерін насихаттау және мәртебесін көтеру мақсатында облыстық білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырды.

Қалалық кезеңде жеңімпаз атанған Айнұр Мұхтарқызы облыстық байқауға жолданған болатын. Облыстық байқауда өңірдегі жалпы білім беретін мектептерден таңдаулы 18 ағылшын тілі мұғалімі қатысқан. Үздіктердің арасынан озық шыққан Айнұр Мұхтарқызын шын жүректен құттықтаймыз.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.