22 Желт 2021
Жаңалықтар

20-шы желтоқсан күні «Ұлағат» желілік қоғамдастығында Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы мен №37 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен

20-шы желтоқсан күні «Ұлағат» желілік қоғамдастығында Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы мен №37 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерімен семинар оздырылды.

Мақсаты: «Қоғамдық пәндерді меңгертудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, өзара іс-тәжірибе алмасу».

Семинар барысында Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Ж.К.Хамзин «Оқушылардың қажеттіліктері бойынша оқыту арқылы зерттеушілік дағдыларын арттыру» және №37 Жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор А.Н Кумарова «Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді тапсырмаларды ұсыну» тақырыптарында іс-тәжірибе алмасты. Іс-шара барысына желілік қоғамдастық аясына жататын мектептерден келген тарихшы ұстаздар белсене қатысып, оң пікірлерін білдірді.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.