28 Желт 2021
Жаңалықтар

"Роботты басқару алгоритмі" атты АӘжТД пәні мұғалімдерінің кезекті семинары өтті

🔰21.12.2021 жылы Орал қаласының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, "Роботты басқару алгоритмі" атты АӘжТД пәні мұғалімдерінің кезекті семинары өтті.

Семинарда №40 ЖОББМ-нің АӘжТД пәні мұғалімі А.Е.Садыров аталған тақырыпта шеберлік-сабағын өткізсе, Орал қаласының Оқушылар сарайының "Компьютерлік графика және роботтехникасы" үйірмесінің жетекшісі Ж.Н.Қайырлы іс-тәжірибесімен бөлісіп, шәкірті Құрманғалиев Алиислам практикалық жұмысымен таныстырды.

Семинарда Орал қалалық Қорғаныс істері басқармасының АӘжТД пәні бойынша инспекторы А.Бақытжанқызы 2005 жылғы әскерге шақырылушылардың комиссиядан өту ережесімен және АӘжТД пәні бойынша бірлескен тексеріс мақсатымен таныстырды.

№26 ЖОББМ-нің АӘжТД пәні мұғалімі А.Тукпанов "Өскелең ұрпақты қазақ батырларының жауынгерлік дәстүріне тәрбиелеу" тақырыбында баяндама жасады.

Қалалық БББ әдіскері Б.Ш.Сакипкалиев жылды қорытындылап, семинар соңында әр түрлі тақырыптағы мәселелер талқыланды.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.