28 Желт 2021
Жаңалықтар

🔰Орал оқушылары республикалық дебат турнирінде жеңімпаз атанды

🔰Орал оқушылары республикалық дебат турнирінде жеңімпаз атанды

Ағымдағы жылдың 17-18 желтоқсан күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті жанындағы «Ақиқат» пікірталас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 14 пен 29 жас аралығындағы жастар үшін республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Аталмыш турнирге 32 фракция, 64 спикер қатысты. Турнир нәтижесінде Орал қалалық мектептен тыс жұмыс орталығы жанындағы «Семсер» интеллектуалды пікірсайыс клубының @semser_debate07 мүшелері, №33 ЖОББМ-ның 9-сынып оқушысы Айнара Темирханова мен Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжінің 1-курс студенті Инабат Игизғали қатысып, іріктеу ойындарынан үздік нәтиже көрсетіп, жастар финалында жүлделі 1-орынды иеленді.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.