28 Желт 2021
Жаңалықтар

"Өмірін өрген өлеңмен!" атты дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш оздырылды

🔰Бүгін, 2021 жылдың 24 желтоқсан күні Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес мектепалды даярлық сынып және шағын орталық тәрбиешілер арасында "Өмірін өрген өлеңмен!" атты дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш оздырылды.

Байқаудың мақсаты мектепалды даярлық сынып және шағын орталық тәрбиешілерінің ақынның қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, артына өшпес мұра қалдырғандығын болашақ ұрпақтың бойына сіңіру. Байқау үш бөлім бойынша өтті - "Қасымнан ғасырға" презентация дайындау, альбом жасау, "Қазақтың біртуар Қасымы" Қ.Аманжолов туралы естеліктер, әңгімелер, деректі фильмдер көрсету, "Дәуір данасы - Қасым Аманжолов" Ақынның өлеңдерін жатқа айту, аудармаларынан үзінді оқу.

Кеш соңында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Сарсенова Анаргүл Жамбуловна қатысушыларды байқау қортындысы бойынша мараппаттады.

I орынды №14 ЖОББМ МАДС тәрбиешісі Ахметова Гульнафис Какимуллақызы, II орынды №37 ЖОББМ МАДС тәрбиешісі Жұбай Меңдігүл Сырымқызы және №12 ЖОББМ шағын орталық тәрбиешісі Наурзова Гулшат Урынгалиевна, III орынды №4 Қосымша білім беретін мектеп орталығы жанындағы "Балбұлақ" шағын орталық тәрбиешісі Ғұмар Асемгүл Нуржановна мен Серебрякова ЖОББМ МАДС тәрбиешісі Ибраимова Аяна Ашимгалиева иеленді.

Алғыс хатпен Х. Доспанова атындағы №30 ЖОББМ МАДС тәрбиешісі Аубакова Карашаш Балтабековна мен №45 ЖОББМ ҰҚТ тәрбиешісі Амангелді Айгерім Мұрадымқызы иеленді.

{galley}------94/-------99/-524268423{/gallery}

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.