04 Сәу 2022
Жаңалықтар

Олимпиада 2022

БІЛІМ БӘЙГЕСІ: ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ – І ОРЫН

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Орал қаласы командасы көш басындағы орнын сақтап қалды. Қала мектептерінен облыстық кезеңге жолдамамен қатысқан 77 оқушының 53-і жүлдегер атанып, сегізі алғыс хатқа ие болды. 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 24-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 8 пән және жаратылыстану-математика бағытындағы 6  пән бойынша өтті. Оған жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 540 оқушы қатысқан. Олардың 77-сі – Орал қаласы мектептерінің оқушылары.

Өңір оқушыларының білім деңгейі сыналған додада қала мектептерінен 9 оқушы – бірінші, 24 оқушы – екінші, 20 оқушы – үшінші орынға ие болса, 8 оқушы – алғыс хатқа ие болды.

Нәтижесінде командалық рейтинг бойынша І орынды Орал қаласының құрама командасы, ІІ орынды дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты, ІІІ орынды дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты иеленіп, кубок және дипломмен марапатталды.

Орал қаласы командасы өткен жылы да көш басында болғанын атап өту керек. Былтыр 9-11 сыныптардан олимпиаданың облыстық кезеңіне 86 оқушы қатысып, 48-і жүлделі  орындарды қанжығалады. Сондай-ақ 5-6 сынып оқушылары арасындағы олимпиада бойынша өткен жылы облыстық кезеңге 12 оқушы қатысып, 10-ы жүлдегер атанса, Республикалық кезеңге жолданған төрт оқушы да жүлделі орындарды иеленді. Биыл 5-6 сыныптар арасындағы оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңіне 16 оқушы жолданып, барлығы да жүлдегерлер қатарынан табылды, ал Республикалық кезеңіне қатысқан жеті оқушының алтауы жүлдегер атанды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.