07 Сәу 2022
Жаңалықтар

ЖАСӨСІПІРМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

? Бүгін Орал қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының бірінші – қалалық кезеңі өтті.

Биология, информатика, химия, математика, физика пәндері бойынша өткен олимпиадаға 396 оқушыдан сұраныс түсіп, 386 оқушы қатысты. Оның ішінде 7-сыныптар бойынша 203, 8-сыныптардан 183 оқушы білім сынынан өтті.

Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау мақсатында бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілді. Білім сайысының өту барысын ата-аналар, қатысушылардың ұстаздары мен мүдделі тұлғалар Орал қаласы білім беру бөлімінің youtube каналынан тікелей эфирде бақылай алды.

Жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 9 оқушы — бірінші, 16 оқушы — екінші, 22 оқушы — үшінші орын иеленді. Жақсы көрсеткіштері үшін 42 оқушыға алғыс хат табысталады.

Жоғары ұпай жинаған І-ІІ орын иегерлері — жалпы 10 оқушыға олимпиаданың екінші — облыстық кезеңіне жолдама берілді.

Екінші кезеңге жолдама алған шәкірттерге сәттілік тілейміз.

@bilim_jane_gylym @kopd_mon_rk @uralskakimat @abat_shynybekov @nmirbolat @a.t.m.70 @bqobilim @oral_ovp @darynzko

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.